"Жазасын тартса екен": Бала күтушісіне таңертең тапсырған баласын кешке өлі күйінде алды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Жазасын тартса екен": Бала күтушісіне таңертең тапсырған баласын кешке өлі күйінде алды

"Жазасын тартса екен": Бала күтушісіне таңертең тапсырған баласын кешке өлі күйінде алды

Бала күтушісіне 2 жастағы баласын қалдырған ана кешке сәбиін өлі күйінде алған. Қаралы ана  енді әділдік іздеп шырылдайды. Марқұм болған перзенттің анасы бала күтушісін ешқандай жауапкершілікке тартпай, босатып жібергеніне ашулы.

  • 6 Сәуiр 2023
  • 224
Фото - Caravan.kz

Жәбірленушінің үндеуі желіде тарады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

"Заң қайда? Неге әділдік орнатпайды? Дәлел аз деп босатып жіберіп отыр. Не дәлел керек адам өліміне? Заң жүзінде ол жазасын тартса екен деп тілеймін", — деген ол.

EGOV.PRESS жазбасында "25 наурыз күні Алматы облысы, Жаңалық ауылында екі баланы бала бала күтушісіне қалдырып, сол күні-ақ екі жасар баланы өлі күйінде алады. Бала күтушісі баланы үш жасар әпкесі тұншықтырып қойғанын айтып отыр. Сараптамадан кейін іс ҚР ҚК 99-бабы бойынша тіркелген еді. Қазір ата-анасына бала күтушісін босатып жібергені белгілі болып отыр", — делінген.