"Жазатын уақыт келді" Фариза Төреәлі балалы болмауының себебін жайып салды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Жазатын уақыт келді" Фариза Төреәлі балалы болмауының себебін жайып салды

"Жазатын уақыт келді" Фариза Төреәлі балалы болмауының себебін жайып салды

Танымал блогер, Төреғали Төреәлінің қарындасы көптің көкейінде жүрген сұраққа жауап берді.

  • 12 Мамыр 2023
  • 124
Фото - Caravan.kz


Ол ана атанбауының себебін жайып салып,  әлеуметік желіде жазба қалдырды, деп хабарлайды Caravan.kz

"Жазатын уақыт келді. Бірнеше жылдар бойы тоқтаусыз келетін сұрақ жайлы өз ойым. Жүктілік жайлы. Бала жайлы. 

"Жазбасам да болар еді, алайда мен сияқты қыздарды сөзбен болса да қолдағым келеді. Күнделікті сұрақтарға үйреніп қалғанмын, бірақ өзінің де, өзгенің де шекарасын сезбейтін, өзіне қатысы жоқ нәрсеге араласатын адамдардың істері жағымсыз сезім алып келетіні өтірік емес. Дәл солай қаншама қыздарға да көрінген адамнан "қашан күйеуге шығасың, отырып қалатын болдың ғой" "қашан туасың, қанша жыл болды ғой?" сынды сұрақтарды есту ұнайды деп айта алмаймын. Өзгенің өміріне шектен тыс араласу мәдениетке де, иманға да жатпайды. Себебі хадисте былай деген: "Көркем мұсылманның белгісі — өзіне қатысы жоқ нәрсені тастауы", — деген. Сондықтан сіз де, біз де өзгенің көңіліне қарап сөйлеуді, шекара дегенді біліп жүрсек жаман болмайды", — делінген жазбада.