Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.
"Тағы да сен туралы…
«Анашым, жылай бермеші, сен бізге енді бұрынғыдан да қатты керексің. Әке, келіп қалатын сияқты…», — дейді тұңғышым. Кенжем Сардар болса, білдірмей, бөлмесіне барып жылап алады. Сардардың әкесімен қарым-қатынасы ерекше болды. Кенжесі болған соң ба, қатты еркелетіп өсірді.
Бір жұбанышым, әйтеуір екеуінің екі үлкен ағасы, әпкесі бар, жалғыз емес. Қайрат үнемі балаларын жанына жиып жүретін. Әр немересіне жеке көңіл бөліп, келіндерін аузынан тастамайтын. Олар да маған құрбы сияқты болып кеткен. Сол жағын ойласам, қуанам. Ұлдарға бауырмалдылық, отбасы құндылықтарын жақсы көрсете білді.
Жазда ғана қызын ұзатып, үлкен той жасаған еді.
Ұл-қыздары, немерелерімен шүйіркелесіп отырған суреттерін өзім түсіріп едім. Әлі де бәрінің жай ғана елес болып қалғанына сене алмаймын. Бірақ ұрпағы үшін бәріне төтеп беруге уәде бердім…", — деп жазба қалдырды.
Желі оқырмандары: "Енді екі есе жауапкершілік алдыңыз, бекем болыңыз","Алла алдынан жарылқасын","Жақсы адам еді","Жүзі жылы, нұрлы адам екен","Аллахқа да жақсы адамдар керек","Өмір жалғасады. Тірі адам тіршілігін жасайды",- деп пікір қалдырды.