Caravan Logo

Жазғы демалыс кезінде жасөспірімдер 19 қылмысқа барған

Жазғы демалыс кезінде жасөспірімдер 19 қылмысқа барған


Жиында БҚО ішкі істер департаменті әкімшілік полициясы басқармасының бастығы Мүсілім Жәрдемовтің мәлім еткеніндей, өткен жазда стационарлық және мектеп жанындағы лагерьлерде 300-ден астам полиция қызметкері тәртіпті сақтауға қатысты, соның нәтижесінде құқықбұзушылыққа жол берілген жоқ. Жалпы, жазғы демалыс кезінде жасөспірімдер 19 қылмыс жасаса, соның 14-і мектептер мен колледждер оқушыларының үлесіне тиеді.

Жиында аталып өтілгеніндей, ішкі істер органдарында есепте тұратын 666 жасөспірімнің тек 40-ы ғана спорттық үйірмелерге тартылған. Осыған орай облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Азамат Бекетке девиантты мінез-құлықты балаларды спорттық үйірмелерге тарту жұмысын жандандыру тапсырылды. Сондай-ақ облыстық ішкі істер департаменті облыстық білім басқармасымен бірлесе отырып кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстарын ширата түсуі қажеттігі айтылды.