Жазира Байырбекова алғаш рет қызының суретімен бөлісті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жазира Байырбекова алғаш рет қызының суретімен бөлісті

Жазира Байырбекова алғаш рет қызының суретімен бөлісті

Дара есімді қыздың анасы атанған Жанболат пен Жазира тұңғышын туған күнімен құттықтап, алғаш рет қыздарын көрсетті.

  • 10 Наурыз 2020
  • 1089
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.

Сахнаның керемет жұптарының бірі Жазира мен Жанболаттың ұлы Қазыбектің туған күнін құттықтаған жазбасы елді сүйсіндірді.

Ол өзінің инстаграм желісінде: 

"Бір бөлмелі пәтер жалдап тұратын кезімізде Қазбек және студенттер бәріміз бірге тұрдық.Киіміміз де сол жерде,ұйықтайтын орнымыз да,тамақ ішетін орнымыз да сол 18шаршы метрде. Бір бөлмелі пәтер сатып алдық,ол кезде де дәл солай болды.
Бірнеше жылдан кейін үш бөлмелі пәтер сатып алдық. Ол үйде әкесі екеумізге бөлек бөлме бөлінді.
Қазбектің жанында студент ағалары мен әпкелері ұйықтайтын. Бірнеше жылдан кейін 6 бөлмелі жер үйге көштік.Үйіміз үлкен ғой деп бірге тұратын адамдарды 2 есе көбейттік.(өзіміз көпшілікті жақсы көреміз. Қазбек 6 бөлмелі үйдің бір бөлмесінде жалғыз жатқан жоқ. Жанында студент жігіттер болды. Бір күні таңға жуық жолдан келсек Қазбек бір інісімен біздің бөлмеде ұйықтап жатыр.Өзінің бөлмесін қонақтарға берген,басқа бөлменің бәрінде адамдар болған ғой.
Қазір тұрып жатқан үйімізде де Қазбектің жеке бөлмесі жоқ.Студент бауырларымен бір бөлмеде ұйықтайды.

Алла қаласа үйленген соң келіншегі екеуіне жеке бөлме бөлеміз ғой.
Айтайын дегенім Қазекем көпбалалы үйдің баласы болып өсті. Дара да дәл солай көпшіліктің ішінде өсіп жатыр.
Үйде тұратын туыстардың әке-шешелері бөлек болса да бір-біріне бауыр басып жүретініне көзім жетті.
Анау қайын жұртымның баласы,мынау өз жұртымның баласы деп ешқайсысын өз баламыздан кем көріп, бөлмедік.

Көөөөп болуларыңызды тілеймін!" — деп аналық жүрегімен тұңғышына тілек айтты.


Қазыбек пен қызы Дараның суретінің астына ел сүйсініп, бақыт тілеп, туған күнімен құттықтап пікір қалдырды.

Соңғы жаңалықтар