Бұл туралы caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.
Жазира ханым өзінің инстаграм желісіндегі жазбасында: "Менің репертуарымдағы ұзату әндерім бейнебаянсыз-ақ халыққа тарап кетті.
Жақында қазақ сахнасындағы бір әнші қызбен қыз ұзатуға арналған жаңа әнімізге бейнебаян түсірмекшіміз.
Инстадостарым 3 миллионға жеткенде, үйден бауырсақ беремін — Жазира Байырбекова
Ол қыздың кім екенін тапқан алғашқы инстаоқырманыма @zhazira.salon — нан тегін қызмет көрсетеміз!"-деп жариялаған болатын.
Оқырмандарының басым көпшілігі бұл әншінің Индира Елемес екенін таппады. Себебі, бұрын соңды ұзатуға арналған ән айтпаған әнші алғаш рет Жазира әпкесімен "қыз ұзату" әнін жазып тіпті оған бейнебаян да түсіріп үлгерді.
Индира Елемес өзінің жеке парақшасында: "Жазира әпкемнен үйренерім көп. Үлгілі, өнегелі жолын жастарға берсін. Балапанның қадамы құтты болсын!"— деген жазба қалдырды.
Жақын арада жарық көретін бұл бейнебаянды қос әншінің жанкүйерлері тағатсыздана күтіп жүргендерін жеткізді.