Жазира Байырбекова енді Индира Елемеспен бірге қыз ұзатпақ - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жазира Байырбекова енді Индира Елемеспен бірге қыз ұзатпақ

Жазира Байырбекова енді Индира Елемеспен бірге қыз ұзатпақ

Жазира Байырбекова өзінің жерлес сіңлісі Индира Елемесен бірге қыз ұзатуға арналған бейнебаян түсірді.

  • 3 Ақпан 2020
  • 201
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.

Жазира ханым өзінің инстаграм желісіндегі жазбасында: "Менің репертуарымдағы ұзату әндерім бейнебаянсыз-ақ халыққа тарап кетті.
Жақында қазақ сахнасындағы бір әнші қызбен қыз ұзатуға арналған жаңа әнімізге бейнебаян түсірмекшіміз.

Инстадостарым 3 миллионға жеткенде, үйден бауырсақ беремін — Жазира Байырбекова
Ол қыздың кім екенін тапқан алғашқы инстаоқырманыма @zhazira.salon — нан тегін қызмет көрсетеміз!"-деп жариялаған болатын.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by Жазира Байрбекова (@zhazira_bairbekova) on

Оқырмандарының басым көпшілігі бұл әншінің Индира Елемес екенін таппады. Себебі, бұрын соңды ұзатуға арналған ән айтпаған әнші алғаш рет Жазира әпкесімен "қыз ұзату" әнін жазып тіпті оған бейнебаян да түсіріп үлгерді. 

Индира Елемес өзінің жеке парақшасында: "Жазира әпкемнен үйренерім көп. Үлгілі, өнегелі жолын жастарға берсін. Балапанның қадамы құтты болсын!"— деген жазба қалдырды.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by Индира Елемес (@indiraelemes) on

Жақын арада жарық көретін бұл бейнебаянды қос әншінің жанкүйерлері тағатсыздана күтіп жүргендерін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар