Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
“Әкем осыдан біраз жыл бұрын дүниеден өтті. Бірақ ол біздің сахнаға жарқырап шығып, халықтың қошеметіне бөленіп жүргенімізді көре алмады. Бізді өсіріп, жеткізіп, тұрмысқа беріп дүние салды. Анамның денсаулығы орташа. Анама бала сияқты әлпештеп қарап отырмыз. Анам Алматының қызы, қазақ тіліне шорқақтау, ал әкем орыс тілін білмейтін. Әкем танысқанда “Жамбылдың жігітімін, кеттік” дегенде анам Жамбылды қала деп ойлап қалған екен. Бірақ Жамбыл ауылына барып келін болып түсті. Тілін түсінбейтін жерге барғанда қиын болған шығар, бірақ қазір Шымкентті ерекше жақсы көреді. “Менің Шымкентіме жететін жер жоқ” деп отырады”, – дейді әнші.
Жазираның айтуынша, қазіргі кезде анасына әкесінің қарындасы қарап отыр. Ол сұхбат барсында бауырларының кейуананы өз қолына алмауының себебін түсіндірді.
“Анамды Алматыға көшіріп алып келдім, ұлым Қазыбек анама пәтер алып берді. "9 баласы болса да, әр қайсысының жұмысы, бала-шағасы бар. Анама қазір тек тыныштық керек. Сол себепті анама әкемнің туған қарындасы, өзінің қайын сіңлісі қарап отыр. Ауру жеңгесіне қайын сіңлісі қарап отыр дегенді еш жерден естімеппін. Қазір маған жақын жерде, сол кісі анама қарап отыр. Әпкеме көп рахмет. Негізі ағам Шымкентте, інім Алматыда тұрады. Жеңгем де, келінім де жақсы жандар. Ағам мен ініме бес баладан тауып беріп, баптап отыр. Әулеттің келіндері анамның пейіліне қарай адал болып түсті. Анама сол кісілердің жанында тұруына болар еді, бірақ кішкентай балалардың айғай-шуы анама зиян. Денсаулығына байланысты солай болып тұр”, – дейді өнер иесі.