Жазира Жапарқұл ауыр атлетикадан жастар арасындағы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жазира Жапарқұл ауыр атлетикадан жастар арасындағы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Жазира Жапарқұл ауыр атлетикадан жастар арасындағы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Ауыр атлетикадан Перудің Лима қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы Әлем чемпионатында кеше ел қоржына алғашқы медаль түсті.

  • 9 Мамыр 2013
  • 503
Фото - Caravan.kz

Онда 69 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Жазира Жапарқұл серпе көтеруде — 105, жұлқа көтеруде — 135 келіні көтеріп, қоссайыстың қорытындысы бойынша 240 келіні бағындырып күміс жүлдегер атанды. Әлем чемпионы қытайлық Хиню Уанг (Xinyue Wang) cерпе көтеруде — 115, жұлқа көтеруде — 130 келіні көтерген болатын. Ал үздік үштікті түйіндеген тунистік Гада Хассин серпе көтеруде — 101, жұлқа көтеруде — 121 келіні көтеріп, қоссайыс қорытындысы бойынша 222 келіні бағындырды.

Жазира былтырғы Әлем чемпионатында серпе көтеруде — 106, жұлқа көтеруде — 133 келіні көтеріп Әлем чемпионы, Азия чемптонатында қоссайыс қорытындысы бойынша 232 келімен (100+132) күміс жүлдегер атанған болатын. Ал 2011 жылғы Әлем чемпионатында 13-ші орын алып, 2010 жылғы жастар арасындағы олимпиада ойындарында чемпион және Азия чемпионатында күміс жүлдені еншілеген еді.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера