Жазушы біткенді сықпыртып сынаған Отарбаевтың кітабы өртелді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жазушы біткенді сықпыртып сынаған Отарбаевтың кітабы өртелді

Жазушы біткенді сықпыртып сынаған Отарбаевтың кітабы өртелді

2016 жылғы ҚР Әдебиет және өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия мүшесі (аты-жөнін атамауды өтінген): «Жаз

  • 9 Қыркүйек 2016
  • 1740
Фото - Caravan.kz

2016 жылғы ҚР Әдебиет және өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия мүшесі (аты-жөнін атамауды өтінген): «Жазушы Рахымжан Отарбаевтың «Шыңғыс ханның көз жасы» атты хикаят және әңгімелер жинағы іріктеу кезеңінен өтпей қалған, – дейді, – соған ызаланған ол арнайы сұхбат ұйымдастырып, қазақтың классик қаламгерлері мен олардың әлдеқашан оқырмандардың ықыласына бөленген шығармалары туралы төмен баға берген. 

Тіпті «Бабалар сөзі» атты 100 томдық қазақ халқының фольклорлық бай мұрасын да мансұқтаған. Тек жазушы Б.Нұржекеевті ғана «мойындауы» – оның мемлекеттік сыйлыққа ие болу ықтималдығы жоғары екеніне көзі жеткендіктен», – дейді. Сондай-ақ комиссия мүшесі: «Р.Отарбаевтың ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлына тиіскені – ертеңгі күні сыйлықтан қағылған себебін осы қылығымен байланыстырғысы келетін пендешілік ниетінен», – дейді. Бұл туралы Abai.kz жазып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, Рахымжан Отарбаев 7 қыркүйек күні «Әдебиет порталына» сұхбат берген еді. Онда айтқан ойлары оқырмандар мен жалпы халықтың көп бөлігінің наразылығын тудырды. 

Сұхбатта Абай, М.Әуезов, «Бабалар сөзі», Ә.Кекілбаев, О.Бөкей, Т.Әлімқұлов, М.Мағауин, Ө.Нұрғалиев, А.Сүлейменов туралы жағымсыз пікір білдіргені үшін, бір топ оқырман жазушының мемлекеттік сыйлыққа ұсынылған «Шыңғыс ханның көз жасы» кітабын өртеді. 


Олар: «Әдебиеттегі ұлы тұлғаларымыздың атына күйе жағып, шығармаларына қызғанышпен, күншілдікпен біржақты пікір білдіргені үшін Р.Отарбаевқа наразымыз! Бұдан кейін де халық өз идеалдарын қорғау, қолдау мақсатында кез келген жағымсыз әрекетке төзбеу керек! «Әдебиет – ардың ісі», оны саудаға салуға болмайды. Көз жұма қарамау керек! Р.Отарбаев арзан атақ алып, атын шығару үшін «жер өртеді», ал біз оның кітабын өртейміз! Тек өзіміз үшін ғана емес, ата-бабаларымыздың, марқұм болған қаламгерлердің рухын басындырмау үшін де шарасыздан осындай оғаш әрекетке барып отырмыз», – дейді.