Жазушы Дүкенбай Досжанның шығармашылық жолына арналған әдеби кеш өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жазушы Дүкенбай Досжанның шығармашылық жолына арналған әдеби кеш өтеді

Жазушы Дүкенбай Досжанның шығармашылық жолына арналған әдеби кеш өтеді

Ертең, 20 мамыр күні, Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада көрнекті жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері және Мұхтар Әуезов атындағы ұлттық сыйлықтың лауреаты Дүкенбай Досжанның шығармашылық жолына арналған «Көркемсөз шебері» атты әдеби кеш өтеді.

  • 19 Мамыр 2011
  • 648
Фото - Caravan.kz

Осы шығармашылық кештің кіріспесінде режиссер Қалила Омаров түсірген «Дүкенбай жолы» атты деректі фильм көрсетіледі.

Кеш барысында жазушының әріптестер қаламгерлері сөз сөйлеп, ой-пікірлерін ортаға салады. Өнер иелері осы басқосудың ажарын кіргізіп, ән шырқайды деп күтілуде.

Сонымен қатар Ұлттық академиялық кітапхана осы шараға байланысты жазушының кітап көрмесін ұйымдастырып отыр. Онда Дүкенбай Досжанның қолжазбалары, ана тілінде шыққан еңбектері және мемлекеттік марапаттары қойылады. Сондай-ақ жазушының әлем халықтарының 22 тіліне аударылған кітаптары да көрмеден орын алады.

Айта кету керек, «Қай жерде қазақ ұлтының басын төрге сүйреу керек болса — қажырым мен рухым сонда!» деген мақсатты ұстанған Дүкенбай Досжанның қаламынан 11 роман, 22 хикаят, 100-ге тарта әңгіме туған.

Перейти к новостям спорта