Оның «Ежелгі әдебиет нұсқалары», «Күлтегін», «Асыл арналар», «Асыл сөздің атасы», «Ел тағдыры — ер тағдыры» шығармалары кеңінен танымал. Қытай, Түркия, Иранда жарияланған негіздемелік ғылыми-зерттеу еңбектері алдыңғы қатарлы елдердің ірі зерттеу орталықтары тарапынан зор қолдауға ие болып, әлемдік мәдениеттің құндылығына айналды.
Ертіс қаласында сыйлы қонақ өзінің музыкалық шығармаларын ұсынды. Оларды Президенттік орталықтың ұлттық дәстүрлер театрының әртістері орындап шықты.