Жазушы Камал Әлпейісованың прозалық шығармалар жинағы жарық көрді - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жазушы Камал Әлпейісованың прозалық шығармалар жинағы жарық көрді

Жазушы Камал Әлпейісованың прозалық шығармалар жинағы жарық көрді

Астана қаласындағы «Елорда» баспасынан жазушы Камал Әлпейісованың «Айтылмаған әңгіме» атты прозалық шығармалар жинағы жарық көрді.

  • 19 Тамыз 2011
  • 1515
Фото - Caravan.kz

Бұл кітапқа автордың 21 әңгімесі еніп отыр.

Мәңгілік тақырыптарды арқау еткен қаламгер туындылары ізгілікке, адалдыққа үндейді. Камалдың жұмбақ күйде басталатын әңгімелері соңында барып сырын ашқандай болады.

Осы кітапқа енген туындыларының тақырыптары да «сөйлеп тұр»! Айталық, «Әйел бақыты немесе айлы түн сүттей аппақ еді», «Періштенің көз жасы», «Перзентхана жыры», «Жигули — таудың аты», «Ақша бұлттар әлемі», «Шекара асқан сағыныш», «Бақыт пен елес», «Жоқ іздеген Жұпар» деген әңгімелері оқырманды өзіне еріксіз баурап алады.

Шығармаларда таныс-бейтаныс кейіпкерлердің мінез-құлықтары, іс-әрекеттері арқылы мына өмірдің ғажабы — сезімнің адалдығы, ниеттің тазалығы, адамдық бет-бейнені сақтап қалу, тіршілікте кездесетін сындардан абыроймен өту деген ойлармен өрнектеледі.

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты, жазушы, аудармашы Камал Әлпейісова қасиетті Торғай өңірінің тумасы. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Айта кету керек, Камал Әбілқасымқызы елімізде ілеспе аударма жасауды меңгерген алғашқы білікті маманның бірі, республикалық «Үздік аудармашы» байқауының тұңғыш жеңімпазы. 20 жылдан астам Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппаратының Редакциялық-баспа бөлімінде консультант, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарды.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің жауапты қызметкері.

Перейти к новостям спорта