Бұған дейін хабарланғандай, Ә. Нұршайықов 89 жасқа қараған шағында көз жұмды. Ол Ұлы Отан соғысына қатысқан. Әр жылдары «Қазақ әдебиеті» газетін басқарған, Әуезов ат. әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері болып, Қазақстан жазушылары Одағының проза кеңесін басқарған. Көптеген романдар мен повестердің авторы, Иван Бунин, Михаила Шолоховтың және т.б. шығармаларын қазақ тіліне аударған. «Даңқ», «Құрмет», «Парасат» және «Достық»ордендерімен марапатталған.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Әзірхан Нұршайықовтың қайтыс болуына байланысты оның туған-туыстарына көңіл айтып, жедел хат жолдады.
««Әзаға – нағыз халық жазушысы еді. Оның әрбір шығармасын жұртшылық қызыға оқитын. Өмірінің соңғы күндеріне дейін қолынан қаламын тастамаған қаламгер өнімді еңбек етіп қана қоймай, халқымызды ынтымақ пен бірлікке шақырып, тәуелсіз еліміздің тілеуін тілеп өтті. Оның шығармалары ізгілікке қандай толы болса, өзінің жаны да сондай нұрлы да мөлдір еді. Мен оның өзіме берген батасын, жазған хаттарын, арамызда болған әңгімелерді ұмытпаймын. Әзағаның өнегелі өмірін, жарқын бейнесін, ғибраты мол шығармаларын халқымыздың да ұмытпасына сенемін»,- делінген Ақ орда сайтында жарияланған жеделхатта.