Жазушылар одағының төрағасы ауысады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жазушылар одағының төрағасы ауысады

Жазушылар одағының төрағасы ауысады

 

  • 18 Тамыз 2016
  • 799
Фото - Caravan.kz

Жақын арада Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы ауысуы мүмкін. Бұл туралы sayasat.kzсайтына сілтеме жасап baq.kz хабарлады.

Одақты үзіліссіз 19 жыл басқарған Нұрлан Оразалин жақын арада өз орнын босатады. Себебі жазушы ҚР Парламенті Сенатының депутаты. Сондықтан барлық уақытын осы жұмысқа арнауды жоспарлап отырған көрінеді. Оразалиннің орнына ақын, «Алаш» сыйлығының иегері Есенғали Раушанов ұсынылуда.

Сондай-ақ кандидаттардың қатарында жазушы Смағұл Елубай мен Әлібек Асқар бар.

Айта кетейік, Қазақстан Жазушылар Одағы — Қазақстан Республикасының әдебиетші қауымын біріктіретін Республикалық қоғамдық бірлестік формасындағы шығармашылық ұйым. 1932 жылы 9 мамырда БК(б)П-ның Қазақстан Өлкелік Комитетінің секретарияты «Көркемөнер мен әдебиет ұйымдарын қайта құру туралы» қаулы қабылдады. Қазақстан Одағының ұйымдастыру комитеті құрылды. Ұйымдастыру комитетінің Төрағасы болып сол кезде ақын Ілияс Жансүгіров тағайындалған.


Қазіргі кезде еліміз бойынша 700-ден астам мүшесі бар.