Ж.Досқалиев: балдаққа сүйеніп, жүріп-тұру қиын шақта... өтінішіміздің қолдау тапқаны үшін бәріне алғыс білдірем! - kaz.caravan.kz
  • $ 442.05
  • 474.14
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
30 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ж.Досқалиев: балдаққа сүйеніп, жүріп-тұру қиын шақта... өтінішіміздің қолдау тапқаны үшін бәріне алғыс білдірем!

Ж.Досқалиев: балдаққа сүйеніп, жүріп-тұру қиын шақта... өтінішіміздің қолдау тапқаны үшін бәріне алғыс білдірем!

Қамауда отырған экс-министр Жақсылық Досқалиев үйіне жіберілді. Сот оның денсаулығына және көрсеткен тәртібіне қарап, қамауда ұстаудың ең жеңіл түріне ауыстырды. Енді бұдан былай сот үкімі шыққанша Жақсылық Досқалиев үй қамауында болады. Досқалиевке қатысты сот 19 мамырда басталып, отырыс ашық режимде өтіп келді. Кейіннен сот отырысына қатысушылардың түсірген арызы бойынша фото және бейне түсірілімге шектеу қойылып тек үнтаспаға ғана рұқсат берілді.

  • 28 Мамыр 2011
  • 616
Фото - Caravan.kz

Жақсылық Досқалиевтің қорғаушылары атқарған жұмыстың  алғашқы нәтижесі –  айыпталушыны қамаудың ең жеңіл түріне ауыстыруды сұрап, сотқа арыз түсірген болатын. Судьяның сөзінше, арнайы алқа отырысында арыз жан-жақты қаралғаннан кейін қолдау тауып, Досқалиевті үй қамауына ауыстыруға рұқсат берілді. Бірақ қойылатын талап күшейтілмесе, жеңілдеген жоқ.  

Мейрам Жангүттинов,Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы:

Жақсылық Досқалиевті үй қамауына ауыстыруға байланысты Астана қаласы, Қараөткел ауданы, Шарбақты көшесіндегі нөмірі бірінші үйінен басқа мекен-жайға ауысуға, сот рұқсатынсыз қаладан шығуға, бөгде адамдармен сөйлесуге, алыс-беріс жасауға, кезкелген байланыс құралдарын қолдануына шектеу қойылады.

«Балдаққа сүйеніп, жүріп-тұру қиын болған шақта бұның өзі үлкен көмек. Берген өтінішіміздің қолдау тапқаны үшін бәріне алғыс білдірем және бұдан артық әзірге ештеңе айта алмаймын» -деді Жақсылық Досқалиев.


Жақсылық Досқалиев
,  айыпталушы:

Әрі қарай мен сіздерге ештеңе де айта алмаймын, түсіну керек,дұрыс. Өйткені қазір сот жүріп жатыр. Ақ-қарасы ашылатын болады. Мен осы соттың аяғында үш эпизод бойынша өзімнің түсініктемемді беремін. Содан кейін сұрақтарыңызды қоя беріңіздер.

 Осылайша бүгінгі сот отырысына арнайы қарауылмен келген Жақсылық Досқалиев жақындарының жеңіл көлігіне отырып, үйіне кетті. 

Бірақ бұнымен іс біткен жоқ. Алда әлі талай сот отырыстары бар. «Соның барлығына қандай жағдайда болмайын,келіп қатысу үшін өз-өзімді төсектен тұруға мәжбүрлей аламын» -дейді Жақсылық Досқалиев. Ал бүгін ол өз үйіне арада ауыр сегіз айды өткізіп барып жетті.

Соңғы жаңалықтар