Жарияланды: 350

Ж.Досқалиевтің бұрынғы әріптесі оның бірнеше мәрте пара алғанын растады

Жақсылық Досқалиевтің бұрынғы әріптесі оның бірнеше мәрте пара алғанын растады. Медициналық академияда проректор қызметін атқарған Дүйсәлиев қазір экс-министрмен бір орындықта отырғанымен, бастығына қарсы сөз сөйледі.

Бүгін Астанадағы мамандандырылған сотта дәрігерлер ісіне қатысты айыпталғандарды сұрастыру басталды. Бұл сот үрдісі негізінен  10 мамырда   басталған болатын. Осы уақытқа дейін алқа билер алдында куәгерлер түсініктеме беріп үлгерді. Жалпы 200-ге жуық адамнан жауап алынды. Енді кезек қылмыстық істің басты кейіпкерлеріне келіп жетті. Алғашқы сөз елордадағы медициналық университетте еңбек еткен Нұрлан Дүйсәлиевке берілді. Сот барысында анықталғандай, проректор кезінде 80 мың теңге жалақымен бірнеше пәтер мен жекеменшік үй  сатып алыпты. Сондай-ақ қымбат көлікке де мінген. Алайда ол жемқорлық үшін емес, тек пара беруде дәнекер болғаны үшін айыпталуда. Дүйсәлиев бұрынғы бастығына ақшаға толы үш пакетті бергенін айтады. Бірақ нақты сомасын білмейді екен. Досқалиев болса, мұндай түсініктеме үшін әріптесіне аса наразы болған көрінеді. Өз ақиқатын экс-министр жуық уақыттың ішінде жеткізбек ойда. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін