Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы BAQ.KZ ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Халыққа жедел және шынайы ақпарат таратып жүрген журналистер қауымына алғыс айтамын. Қазақстан халықаралық қоғамдастықтан еш нәрсені жасырмай, барлық мәліметті ашық жариялап отыр.
Сонымен қатар, дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыруға атсалысқан мемлекеттік аппараттың қызметкерлері де құрметке лайық. Сондықтан кейбір азаматтарды бос сөз бен жалған мәліметке жол бермеуге шақырамын, — деді Президент.
Президент мемлекеттік органдардың жұмысында олқылықтар болғанын, бірақ, мемлекеттік қызметшілердің көпшілігі жұмысын адал атқарып жатқандығын атап өтті.