“Жеген нанды ақтауға міндеттіміз”. Ресейдегі өзбектер Путин үшін қан төгуге сақадай дайын - kaz.caravan.kz
  • $ 521.57
  • 601.01
+34 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Жеген нанды ақтауға міндеттіміз”. Ресейдегі өзбектер Путин үшін қан төгуге сақадай дайын

“Жеген нанды ақтауға міндеттіміз”. Ресейдегі өзбектер Путин үшін қан төгуге сақадай дайын

“Пермь аймағындағы Орталық Азия өзбектері қоғамы” лидері Жахонгир Жалолов Украинадағы соғысқа қатысу үшін Темірлан атындағы батальон құруды ұсынды. Оның видео үндеуін Vetta телеканалы жариялады.  

  • 11 Тамыз 2022
  • 1035
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Dalanews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды

“Біздің балалар балабақшаға барады, мектептерде және университеттерде білім алады. Біз Ресейде тұрып, жұмыс істеп жатырмыз. Біз жеген нанды ақтауға міндеттіміз. Ерікті батальон құрып, оны Әмір Темір [Темірлан] деп атауды сұраймын”, – деді Жалолов.

“Коммерсант” басылымы осыған дейін Ресей аймағында соғысқа қатысу үшін 40-тан астам ерікті топ құрылғанын жазған.

Ерікті батальонға қосылғандар Ресейдің қорғаныс министрлігімен бірнеше айға келісімге отырып, кейін қызметін өтеген жауынгерлер ресми мәртебе алады. Оларға айына 130 мыңнан 300 мың рубльге дейін айлық төлейді. Осының алдында Соғысты зерттеу институты Ресейде еріктілерге айлық кешіктіріліп жатқанын жазған.

Dalanews.kz Жалоловтың әлемжелідегі парақшасын тапты, ВК желісінде тіркелген өзбек азаматының Путинге “табынатыны” бірден аңғарылады.


Өз кезегінде Мәскеудегі Өзбекстан елшілігі шетелде ерікті батальонын құрып, бөтен аумақта соғысқа қатысқан азаматтары қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертті.

Өзбекстан елшілігінің ресми сайтында жазылғандай, шетелде жүріп, соғыс әрекеттеріне қатысқан өзбек азаматтары 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сонымен бірге елшілік мигранттарды “ешқандай арандату әрекеттеріне ермей, сақ болуға” шақырады.

Өзбекстанның еңбек миграциясы жөніндегі агенттік де шетелде жүрген азаматтарын әртүрлі ерікті әскери топтарға қосылмауға шақырған.