Сооронбай Жээнбеков телефонмен сөйлесу барысында ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанның дамуына қосқан үлесін атап өтті. Назарбаевтың қазіргі заманның саяси және мемлекеттік қайраткері, реформатор екенін, тек ұлттық емес, әлемдік масштабтағы тұлға екенін айтты.
Сондай-ақ, Қырғызстан президенті Назарбаевтың Қырғызстан мен Қазақстан арасында бауырластық қарым-қатынасты, стратегиялық серіктестікті және көршілік қарым-қатынасты жетілдіргенін ерекше атап өтті.
Бұдан бөлек Жээнбеков Назарбаев барлық жақсылық пен ұзақ өмір тіледі.
Ақорданың мәліметінше, екі ел көшбасшылары алдағы уақытта тұрақты байланыстарын жалғастыра беруге уағдаласты.