Жеке кәсіпкер қаржысына шопан баларына интернат салып берді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жеке кәсіпкер қаржысына шопан баларына интернат салып берді

Жеке кәсіпкер қаржысына шопан баларына интернат салып берді

Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданына қарасты Жарлысу ауылында жаңа интернат бой көтерді. Енді жазда жайлаудан, қыста қыстаудан қатынап оқитын шопан балалары бар машақаттан құтылды.

  • 27 Қазан 2012
  • 425
Фото - Caravan.kz


Нұрдос Затымолда, оқушы:

— Қуаныштымыз. Қуанышымыз қойынымызға сыймай жатыр. Мен ертең осы жатаханаға келіп білім алатын күнімді асыға күтемін.

40 орындық ғимарат жеке кәсіпкердің қаржысына салынған. Мұнда төсек-орын, жылы су және интернет сынды оқуға қажет мүмкіндік мол. Жаңа интернат үйін басқаруды кәсіпкер аудандық білім бөліміне басы бүтін бере салмақ. Ауылға ауадай қажет ғимарат құрылысы бес айда аяқталды. Енді мұнда 20 адам жұмыспен қамтылмақшы. 

Соңғы жаңалықтар