«Президенттің құқық қорғау органдарын реформалауды жалғастыру туралы жарлығына сәйкес, осы айда халықты құжаттандыруды әділет министрлігінен ІІМ-ге қабылдау процедурасын аяқтаймыз. 1 шілдеден бастап бұл жұмыспен біздің министрлік айналыса бастайды деп ойлаймын», — деді ол бейсенбі күні сенаттың пленарлық отырысында.