Жеке куәлікті QR-код арқылы қолдануға болады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жеке куәлікті QR-код арқылы қолдануға болады

Жеке куәлікті QR-код арқылы қолдануға болады

 

  • 6 Қараша 2019
  • 25
Фото - Caravan.kz

Жеке куәліктің электронды нұсқасы шықты, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Өзіңіздің және отбасы мүшелерінің жеке куәлігін электронды түрде табу оңай. Жеке куәліктердің электронды түрі «eGov mobile» мобильді қосымшасында қолжетімді. #NITEC («Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ) веб-әзірлеушілері жаңа мобильді қосымшаны іске қосты. Егер сізде өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болмаса, «eGov mobile» мобильді қосымшасының көмегімен QR-код арқылы оның электронды нұсқасын қолдана аласыз», — деп хабарлайды «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ.

«eGov mobile» мобильді қосымшасы Play Market (Android) және App Store (iPhone) қосымшаларында қолжетімді. Оны қалай қолдану керектігі туралы @nitec.kz және @egov.kz сайттарынан білуге болады.


Соңғы жаңалықтар