Жеке сот орындаушылардың қызметі тегін болады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жеке сот орындаушылардың қызметі тегін болады

Жеке сот орындаушылардың қызметі тегін болады

Бұл ретте борышкерге белгілі бір мәжбүрлеу шаралары қолданылады.

  • 1 Тамыз
  • 12
Фото: ашық дереккөз

Жеке сот орындаушылардың қызметі тегін болады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Тамыз айында күшіне енетін Оңтайландырылған атқарушылық іс жүргізуді енгізуді көздейтін Заңға дәл осы талап енгізілген. Вице-министр жеңілдетілген іс жүргізу аясында жеке тұлғалардан 20 айлық есептік көрсеткішке дейінгі әкімшілік айыппұлдар мен салық берешегін өндіру бойынша атқару құжаттары орындалатынын атап өтті.

Бұл ретте борышкерге белгілі бір мәжбүрлеу шаралары қолданылады.

«Азаматтардың ыңғайы мен атқарушылық іс жүргізу процесінің ашықтығын арттыру үшін арнайы сервистер (берешекті онлайн төлеу, СМС хабарлама, жүйедегі тараптар кабинеті, борышкерлер тізімі) құрылды және сәтті қолданылуда, олар міндетті орындау бойынша барлық іс-әрекетті қадағалап қана қоймай, сонымен қатар барлық шектеу шарасын автоматты түрде алып тастай отырып, онлайн режимде берешекті төлеуге мүмкіндік береді. Осылайша, атқарушылық өндірісті модернизациялау оның сапасын едәуір жақсартты және жүйені қоғам үшін ашық қылды», — деді ҚР Әділет Вице-министрі Даниел Ваисов.