Облыстық білім басқармасы жағдайдың мән-жайын түсіндірді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Бұл туралы облыста өткен «Атамекен кәсіпкерлер палатасы» отырысында белгілі болды. QRnews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, алдағы оқу жылында жекеменшік мектептер мүлдем қаржыландырылмауы мүмкін.
«Ең біріншіден біз жекеменшік мектептерді не үшін қаржыландырамыз? Олар біздің үш ауысымдық мектептерді жапқан уақытта және де авариялық мектептер болмай, соларды қамтамасыз еткен уақытта. Қазір шындыққа келіп айтқанда бізге жекеменшік мектептердің еш пайдасы жоқ. Ешқандай көмектері де жоқ. Біз қазір келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Осы оқу жылын аяқтап бітіруге тырысамыз, бірақ келесі жылдан бастап, қыркүйек айынан бастап жекеменшік мектептерді біз қаржыландырмаймыз», — деді ол.
Айта кетейік, соңғы жылдары жекеменшік мектептерге қатысты шулы оқиғалар көбеюде.