Жекеменшік темір жол тасымалдаушыларының қауіпсіздігі тексерілмек - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жекеменшік темір жол тасымалдаушыларының қауіпсіздігі тексерілмек

Жекеменшік темір жол тасымалдаушыларының қауіпсіздігі тексерілмек

ҚР көлік және коммуникация министрлігі (ККМ) 2011-ші жылдың маусымында жекеменшік теміржол тасымалдаушыларын жолаушылардың қауіпсіздігі мәселесі бойынша тексереді, деп ККМ баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 27 Мамыр 2011
  • 585
Фото - Caravan.kz

«Көліктегі қадағалау органдары жекеменшік-тасымалдаушы компанияларды қауіпсіздік талаптарын мүлтіксіз орындауы мен тасымалдау қызметінде сервистік қызмет көрсету сапасын тексеруді жоспарлап отыр», — делінген министрліктің жұма күні таратқан хабарында.

Баспасөз қызметі осындай тексерулер «келесі ай бойына (маусым – ҚазТАГ) бүкіл республикада, қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің, жолаушылар тасымалдауының мониторингі жөніндегі департамент, және «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның вагон шаруашылығы департментінің өкілдерінің қатысуымен өтеді» дейді. Жолаушылар тасымалданатын вагондарды жөндегенде және оларға техникалық қызмет көрсетуде технологиялық процесстердің сақталуы тексеріледі.

ККМ «жазғы демалыс маусымы басталғалы теміржол көлігінде жолаушылар ағымы артады», сондықтан тасымалдау үдерісінің қауіпсіздігі өзекті мәселеге айналады деп есептейді.

«Қазір республикада 3 мыңнан астам жолаушылар тасымалдайтын вагон тіркелген. Оған қарамай жолаушылар тасымалдайтын вагондар тапшылығы 450-дей. Сонымен қатар жолаушыларға сервистік қызмет көрсету деңгейінің төмендігі, жолаушы тасымалдайтын вагондар паркінің санитарлық-техникалық жағдайының төмендігінің проблемасы бар», — делінген хабарда.

ККМ мәліметтерінше, 2010-шы жылы тексеріс ауаны салқындатқыш жабдықтары жұмыс істемейтін 40 вагон, өртке қарсы сигнализациясы істемейтін 174 вагон пайдаланғанын анықтады.

2010-шы жылы электр жабдықтарының дұрыс болмауы себепті Алматы-Қостанай қатынасындағы №43-ші поездың вагоны өртенгеніп, сондай-ақ Ақтөбе-Алматы қатынасындағы №34-ші поездың вагоны рельстен шығып кеткен болатын.

Соңғы жаңалықтар