Жекеменшіктегі барлық гидротехникалық нысандар тиісті бақылауда - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жекеменшіктегі барлық гидротехникалық нысандар тиісті бақылауда

Жекеменшіктегі барлық гидротехникалық нысандар тиісті бақылауда

Жекеменшіктегі барлық гидротехникалық нысандар тиісті бақылауда.

  • 15 Шiлде 2011
  • 466
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Қазақстандағы төтенше жағдайларды ескерту және оны жою бойынша ведомствоаралық мемлекеттік комиссия отырысы барысында болған брифингте ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Жанболат Смайылов айтты.

Оның сөзіне қарағанда, еліміздегі коммуналдық, жекеменшіктегі және облыстың қарауындағы гидротехникалық нысандардық барлығы бақылуға алынды. Атап айтқанда республика аумағындағы осы су қоймаларының жағдайына ҚР АШМ Су ресурстары комитеті мониторинг жүргізеді. Сонымен қатар су қоймаларына Төтенше жағдай министрлігі де тиісті қадағалау шараларын атқарады.

«Бүгінде біздің министрлік Парламентке «Азаматтық қорғау туралы» заң жобасын енгізбек. Онда біз су қоймаларына байланысты барлық мәселелерді қамтып отырмыз. Баршамыз Қызылағаштағы қайғылы оқиға жайында білеміз және осыдан кейін бұл бағыттағы жұмыстар жандана түсті»,-деді ол.

Ж. Смайыловтың сөзіне қарағанда, қазіргі кезде елміз бойынша 150-ге тарта гидротехникалық нысандар бар. Ал қалғандары коммуналдық меншіктің қарауында.

«Бүгінде біз жекеменшіктегі су қоймалар бойынша үлкен жұмыстарды атқарудамыз. Әрине, гидротехникалық нысандардың қауіпсіздігіне инвестиция салуда жекеменшік иелері тарапынан аса құлшыныс байқалып отырған жоқ. Яғни, осыны мойындау керек. Алайда, біз бұл бағыттағы жұмысты жалғастырамыз»,-деді вице-министр. Осы орайда ол бүгінде жекеменшіктегі барлық гидротехникалық нысандар тиісті бақылауда екенін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар