Жекпе-жекте қос батырымыз қарсыластарын айқын ұтты - kaz.caravan.kz
  • $ 477.62
  • 527.67
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
12 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жекпе-жекте қос батырымыз  қарсыластарын айқын ұтты

Жекпе-жекте қос батырымыз қарсыластарын айқын ұтты

Футзалдан УЕФА кубогының элиталық раундында  өнер көрсетіп жатқан Алматының “Қайраты” Бельгияның “Шаталино” клубын 3:2 есебімен ұтты.

  • 19 Қараша 2011
  • 534
Фото - Caravan.kz

Топтық кезеңнің алғашқы кездесуінде жеңіске жеткен Жоауо Барбоза шәкірттері бүгін сербияның “Экономац” командасына қарсы кезекті ойынын өткізеді.

Алматыда аралас жекпежектен екінші халықаралық ашық турнир болып өтті. Осы кештің орталық бәсекесінде қос батырымыз Қайрат Ахметов пен Төлеген Ақылбеков қарсыластарын айқын ұтты.

Кеше ғана Лондон төрінде Қуат бауырымыз қарсыласын  шыдатпай,чемпиондық белбеу тағып келгені әлі есімізде. Енді  сол қуаныштың артын орай,  қос жігітіміз Алматыда тәжік жерінен келген қонақтарды оңдырмай сабады.  “Прайд” кәсіпқой жекпе-жек клубының ұйымдастыруымен өткен бәсекеде білекті де,жүректі жігіттеріміз жарады. Алдымен жарыс бағдарламасын балалар жекпе-жегі бастады. Болашақта еліміздің атын әлемге паш ететін  ұландарымыз қазірдің өзінде қайсарлық көрсетіп, қашанда қарсыласты сыйлау қағидасын естен шығармады.  Ал осы күннің алғашқы орталық жекпе-жегін жеңіл салмақта өнер көрсететін Қайрат бауырымыз тәжік Фирузи Фарходқа қарсы өткізді. Алғашқы қимылдарымен-ақ қарсыласының жігерін сындырған жерлесіміз көп ұзамай қарсыласын буындыру әдісімен сұлатты. Қуанышы қойнына сыймаған Қайрат жанкүйерлеріне ризалығын білдіріп, қара жорға биін билеп берді. Осы күннің соңғы жекпе-жегінде аса ауыр салмақта жұдырықтасатын Төлеген Ақылбековке жеңіс ауадай қажет болатын. Өйткені алда әйгілі Федор Емильяненконың туған інісі Александрмен шаршы алаңға шығуды жоспарлап отырған тарланымызға рейтингтік ұпай қажет болатын. Қарсыласына бірден лап берген таусоғарымыз тәжік жігіті Махмадсафар Махмад Расуловтан ұпай саны бойынша басым түсті. Енді  Төлегенді 21 желтоқсан күні кіші Емильяненко күтіп тұр.

Мұхиттың арғы жағындағы  ұлттық хоккей лигасында кезекті ойын күні турнир кестесіне айтарлықтай өзгеріс әкелмеді. Өз айдынында
Канаданың “Торонтосын” қабылдаған “Нэшвил” ірі жеңіске жетті.

 Бұл кездесуде Беларусь  легионері Сергей Костицын  жарқылдады. Матчты бірден ширақ бастаған “Нэшвил” алғаш болып есеп ашты. Майк Фишерден пас алған Мартин Эрат қақпашыға еш мүмкіндік бермеді. Алайда көп ұзамай,қонақтар нәтижелі шабуыл ұйымдастырып, таразы басын теңестіріп кетті. Одан әріге қауқары жетпеген “Торонто” қалған уақытта өз қақпасына жауапсыз 4 шайба жіберіп алды. Сондай-ақ өз қақпасына бағытталған 22 соққының тек біреуін жіберіп алған “Нэшвил” қақпашысы бұл бәсекенің үздік ойыншысы болып табылды. Өзге кездесулерде “Тампа-Бэй” мен “Питтсбург” арасында 4:1 есебі тіркелсе, “Анахаймға” қонаққа барған “Лос-Анджелес” сырт алаңда 3:5 есебімен жеңіске жетті. 

Осы күндері әлемдегі ең мәртебелі регаталық турнир Америка кубогы жолындағы бәсеке жалауын көтерді. 1851-жылдан бастау алатын   жарыстың алғашқы жарыс күнінде әзірге Францияның “Энергетика” клубы көш бастап тұр.

Ұйымдастырушылар биылғы жарыс жолын Калифорния жағажайынан бастауды жөн санапты. Әлемнің 50-ге тарта елінен келген спортшылар арасында Олимпиада жеңімпаздары мен талай сындарда топ жарып жүрген майталмандар бар. Олар осы маусымның соңына дейін өзара мықтытыны анықтамақ. Өткен жылғы турнирде топ жарған “Оракл Рейсинг” биыл да фавориттер қатарында. Сондай ақ Жаңа Зеландиядан келген командалар да жоғарғы орынан көрінуді көздеп отыр. 160 жылдық тарихы бар бұл регата екі айдан кейін мәресіне жетеді.