Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Соңғы кезде Сәбит Әбдіқалықов пен Алтынай Жорабаеваның бірге түскен суреттері сиреген. Барған жерінде Алтынай әдетте жалғыз жүреді. Күні кеше жолдасы ауруханаға түссе де, әнші сұлулық туралы жазбаларын бөлісіп жатыр. Желі қолданушылары әншінің осы әрекетіне қарап екеуі ажырасып кеткен болар деп болжады. Мұнымен қатар, Сәбит Әбдіқалықовтың парақшасында екіұшты жазбалар пайда болған. Әсте біреуге ренжіп жүргендей.
Желі қолданушылары Алтынай Жорабаеваның небәрі екі сағат бұрын бөліскен видеосының астына түрлі пікір білдірді. Олар видеода өзіне массаж жасатып жатқан әйелді Алтынай Жорабаевамен шатастырса керек. Жолдасы ауырып жатса да, сұлулық салонына барды деп қатаң сынаған.
Желі қолданушылары “Сәбит ауырып жатқанда мұнысын түсінбедім”, “Сәбит ауырып жатыр екен. Ал Алтынай екеуін ажырасып кеткен деп естіп жатырмын”, Бізден дұға-тілек тілеп қояды. Өзінің жатысы жаман емес қой. Сәбит ауыр жағдайда ауруханада жатыр деп пе еді? Жағдайлары жақсы сияқты ғой”,
“Сәбит инфаркт алыпты ғой тағы да. Алла шипасын берсін. Ал сіз сонда массаж жасатып жатырсыз ба? Бұл әрекетіңізді түсінбедім”, “Сәбитті баяғыда тастап кеткен. Ең болмаса қыздарының әкесі ретінде сыйласа болады ғой” сынды пікірлер білдірген.
Мұнымен қатар, Алтынай Жорабаеваны қорғап сөйлеп, оған тіл тигізбеуді сұрағандар да болды.
“Неге мұндай ауыр сөздер айтып жатырсыздар? Оның не жазығы бар?”, “Жүректі ауыртатын сөздер жазып, артық кетпейікші”, “Қыздар, массаж жасатып жатқан Жазира. Бар болғаны жарнама жасап жатыр. Ал мұнда не болып кеткен. Өз өмірлеріңізге қарап алсаңыздаршы”,
“Масқара, осы жұрт бәрін біледі. Жазған осы екен деп сіздерге не көрінді. Өсек десе жан береді екенсіздер. Ұялмайсыздар ма? Ел сыйлаған қыздарды даттап, аяқ астына таптап тастадық” дейді олар.
Сәбит пен Алтынайдың қазіргі қарым-қатынасы қандай екені және олардың заңды түрде ажырасқан, ажыраспағаны белгісіз. Десе де, отандық порталдардың бірі Алтынайдың қыздарымен бірге Астана қаласында, ал Сәбит Әбдіқалықовтың Алматыда тұрып жатқанын жазған-ды.