Бірақ бағдарлама барысында 4 жасар математик Ислам Көпбай күрделі есепті шығара алмай жылап қалды.
Ислам Көпбайға логикалық сұрақ қойған математик ақыры баланы жылатып алды, деп хабарлайы Caravan.kz медиа порталының тілішісі.
Түркістан облысы, Шардара ауданы, 60 жылдық аулының тұрғыны 4 жасар математик Ислам Көпбай халықты дарынымен тәнті етті. Ислам отбасында 12 жан тұратынын да айтып берді.
Қосу, алу амалдарын мүдірмей жауап берген кішкентай Ислам көбейту амалы арқылы да есеп шығарып берді.
— 300-ге дейін санай аламын. Ал, ақшаны 100 мыңға дейін санаймын, дейді Ислам.
"QALAN" математикалық тренажерының негізін қалаушы Асқар Әлімхан матемаиткалық сұрағын қойды.
— Тортты алып, 3 рет кесіп, қалай сегіз бөлік жасауға болады, дейді.
Ислам мүдірмей, "бөле алмайсың. 3-ті 8-ге бөле алмайсың ғой" деп жауап берді. Дұрыс жауап алған Асқар Әлімхан "дұрыс, бөлінбейді" деп ризашылығын білдірді.
Келесі кезекте математик Хасен Мұқамади логикалық сұрақ жасырды.
— 7 маймыл 7 бананды 14 минутта жеп тауысады. Енді, 2 маймыл 2 бананды неше минутта жеп тауысады, деді.
— 2, 1, 3 деп, логикалық сұрақты ауырсынған 4 жасар Ислам "сен сұрақ қоясың ғой, есеп емес", деп ренжіп теріс қарап, етбетінен жатып жылап қалды.
Айта кетейік, бұл логикалық есеп 4 жасар бала үшін ауыр болды. Мұндай есеппен қоса, ойлануды қажет ететін сұрақтарға ересектер де қателесетіні анық. Көпшілік 4 жасар балаға тым күрделі сұрақ қойған матеиатикке ашулы пікірілер қалдырды:
"Қап, беті қайтып қалар ма екен, мұндай сұрақ ойғаны несі", "Мектепке бармайтын бүлдіршінді қинағаны дұрыс ,болмады", "Бұл бүлдіршін логикадан емес, матиматикадан жүйрік қой, логикалық сұрақ қойғаны несі?", "Жарасайсың балақай",- деп жазды көрермен.