Желіде Ақтөбе облысы әкімдігін басып алу сәтінің видеосы пайда болды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Желіде Ақтөбе облысы әкімдігін басып алу сәтінің видеосы пайда болды

Желіде Ақтөбе облысы әкімдігін басып алу сәтінің видеосы пайда болды

Тәртіпсіздік кезінде Ақтөбе облысы әкімдігін басып алу сәті түсірілген видеоны облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі жариялады.

  • 19 Қаңтар 2022
  • 13
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Полиция 5 қаңтардағы митинг кезінде лаңкестер Ақтөбе облысы әкімдігінің ғимаратын басып алғанын айтты.

"Наразылық білдірушілер бірнеше кеңсені қиратты, тұрмыстық техника бүлініп, ұрланды және т.б. Кадрдан жиналғандардың жиһаздарды, әйнекті сындырғанын көруге болады", — делінген хабарламада.

Ақтөбе облысының әкімдігі әкімшілік ғимаратқа жасалған шабуылдан келген шығынның жалпы сомасы шамамен 300 миллион теңгені құрағанын атап өтті.