Астанада өткен КВН Жазғы кубогында "Камызяки" командасы судьяның әйелі ретінде таныстырылған ойдан құралған Мағрипа Харипуллаевна жайлы әзіл айтады. Бұл әзіл кейін Интернетте танымал болды. (Видеоның 9,58 минутынан бастап көріңіздер).
Енді Facebook әлеуметтік желісінде "Мағрипа Харипуллаевна" есімді қыз пайда болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл парақшаның иесі 32 жастағы Асель екен. Айтуынша, ол өз туыстары мен достарына қалжыңдау үшін КВН әзіліндегі кейіпкердің атына ауыстырып алыпты. "Бұл бастапқыда Facebook желісіндегі достарымды алдау үшін жасалған еді. Басқа мүддесі жоқ. Кейбірі КВН ойынынан кейін менің жалған ат қойып алғанымды білсе, кейбірі шын мәнінде мұндай адам өмірде бар екен деп ойлап қалыпты", — деді ол.
Парақшаға достық ұсынатындар көбейгенімен Асель ешкімді де қабылдамағанын айтады. "Достыққа сұранғандардың көптігіне қарағанда қызығушылық бар. Достарым мен туыстарыма қалжыңдау үшін осындай ат қойғаныма байланысты танымайтын адамдарды қабылдамай жүрмін және хатқа да жауап бермеймін", — дейді Асель.