Желіде "Мағрипа Харипуллаевна" есімді қыз пайда болды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Желіде "Мағрипа Харипуллаевна" есімді қыз пайда болды

Желіде "Мағрипа Харипуллаевна" есімді қыз пайда болды

КВН ойынындағы "Камызяки" командасының әзіл қойылымындағы "Мағрипа Харипуллаевна" деген кейіпкер Желіде танымал болды.

  • 24 Қыркүйек 2017
  • 441
Фото - Caravan.kz

Астанада өткен КВН Жазғы кубогында "Камызяки" командасы судьяның әйелі ретінде таныстырылған ойдан құралған Мағрипа Харипуллаевна жайлы әзіл айтады. Бұл әзіл кейін Интернетте танымал болды. (Видеоның 9,58 минутынан бастап көріңіздер).

Енді Facebook әлеуметтік желісінде "Мағрипа Харипуллаевна" есімді қыз пайда болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл парақшаның иесі 32 жастағы Асель екен. Айтуынша, ол өз туыстары мен достарына қалжыңдау үшін КВН әзіліндегі кейіпкердің атына ауыстырып алыпты. "Бұл бастапқыда Facebook желісіндегі достарымды алдау үшін жасалған еді. Басқа мүддесі жоқ. Кейбірі КВН ойынынан кейін менің жалған ат қойып алғанымды білсе, кейбірі шын мәнінде мұндай адам өмірде бар екен деп ойлап қалыпты", — деді ол.
 


Парақшаға достық ұсынатындар көбейгенімен Асель ешкімді де қабылдамағанын айтады. "Достыққа сұранғандардың көптігіне қарағанда қызығушылық бар. Достарым мен туыстарыма қалжыңдау үшін осындай ат қойғаныма байланысты танымайтын адамдарды қабылдамай жүрмін және хатқа да жауап бермеймін", — дейді Асель.
 

Соңғы жаңалықтар