Аталмыш видео Tik Tok желісінде тарады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Видеода әнші сақалды қарапайым адам ретінде киініп алып, домбырамен ән айтып отырған жігіттен домбырасын сұрайды. Содан соң өзі домбырамен күй тартады. Кейінірек жасанды шашы мен сақалын шешіп, халықты 2 шілде Ұлттық домбыра күніне Абай алаңына шақырды.
Ал желі қолданушылар әншінің бұл әрекетіне дән риза.
"Әншілер осылай халықпен тығыз араласса нұр үстіне нұр болар еді", " Мейрамбек ағамыз красавчик", "Міне, пранкты осылай жасау керек", — деп жазды олар.