Әдетте полицияның әлгі таяғын жақтырмайтын көлік жүргізушілері енді бұл шешімді әжуалай бастады, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі. Тіпті әлеуметтік желіде жол қозғалысын қолмен басқаруды мазақ ететін видео жарияланып жатыр. Онда Африканың бір елінде полицей жүргізушілерге қолмен белгі беріп, біртүрлі қимыл жасап тұр. Бұл бейнежазбаға пікір білдірушілердің бірі: "Бұлшық етке жақсы екен. Жасап көру керек" десе, екіншісі: "Біздікілер бұлай жасай алмайды. Қарны жуан" депті.
Ал таяқ қолданылмайтыны туралы шешімге келсек, енді полицейлер көлікті тоқтату үшін қолын көтеріп, «Тоқта!» деген белгі береді және сонымен бірге, ысқырықты немесе арнайы дыбыс күшейткіш және жарық беретін құралдарды қолданады. Жол ережесін бұзушылар, сондай-ақ, автопатрульмен тоқтатылатын болады.
2017 г. Отмена жезлов
Posted by Kanat Sakhariyanov on Thursday, December 29, 2016