Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы вакцинаға қатысты өз пікірін білдірді, деп жазады Caravan.kz порталы.
Ол өзіне әзірге екпе салдыруға болмайтынын мәлімдеді. Ләйлә Сұлтанқызы анасы мен көмекшісінің вакцина салдырғанын да Instagram-дағы парақшасында айта кетті.
Сондай-ақ тележүргізуші көпшілікке екпеге қатысты үгіт-насихат жүргізді.
"Кеше анам (67 жаста) және көмекші қызым вакцина салдырды. Қатты уайымдадым. Вакцинадан кейін сәл әлсіздік болды дейді. Шүкір қазір жақсы. Анам салмас бұрын имамдармен сөйлесті, әбден зерттеді. Қажылыққа барып келген соң дін жағынан қарсылық бар жоғын біліп алды. Бізге анамыздың денсаулығы 1-ші орында болған соң, мейлінше қорғанып жүруін, өзін күтуін айтудамыз. Енді 21 күннен кейін 2-ші фазасын салдырады. Ал маған дәрігер 1-2 айдан кейін саламыз деп отыр, жаңа ауырып тұрдыңыз дейді.
Егер де ұжымдық иммунитет қалыптасуын қаласақ, қайта баяғы өмірімізге тез оралғымыз келсе вакцина салдыру керек. Желілерде атой салып қарсылық білдіріп жатқандардың үндемей, тып-тыныш салдырып алғандарын да көзіммен көріп, естіп жүрмін" , — деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.