Желіде қостанайлық 22 жастағы қыздың өлер алдында жазған хаты жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 480.55
  • 533.75
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
8 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Желіде қостанайлық 22 жастағы қыздың өлер алдында жазған хаты жарияланды

Желіде қостанайлық 22 жастағы қыздың өлер алдында жазған хаты жарияланды

Бұл туралы ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі “Костанайские Новости” парақшасы жариялады.

“Хатта қыз өзін қолдаған Қостанай дәрігерлеріне алғыс білдіреді. Өмірдің мәнін басқаларға ұғындыра түсу үші

  • 20 Қазан 2016
  • 10022
Фото - Caravan.kz

“Хатта қыз өзін қолдаған Қостанай дәрігерлеріне алғыс білдіреді. Өмірдің мәнін басқаларға ұғындыра түсу үшін Айгүлдің әпкесі Нұргүл хатты жариялауға өтініш білдірген”, – делінген жазбада.

“Менің атым Айгүл Құсайынова, жасым 22-де. Шын жүректен Қостанай облыстық ауруханасы мен Жітіқара қалалық ауруханасындағы анестезиология және реаниматология бөлімінің қызметкерлеріне алғыс айтамын”, – деп жазады ол. Хатта жазылғандай жоғарғы оқу орнын қызыл дипломмен аяқтаған ол, Рудныйдағы орта мектептердің бірінде орыс тілі мен әдебиетінен сабақ берген.

“Жұмыс деп жүріп, денсаулығыма дұрыс қарамадым. Тек ауылдағы ата-анама барған кезде дұрыс тамақтандым. 3 курста да ауырғанмын, бірақ ол кезде де мән бермеген едім. Енді ұзаққа созылған сынақтан өтіп, әр адам үшін денсаулық ең бастысы екенін түсіндім. Сөйлегенде дауысым өзгеріп, әлсіздік басып, өзімді нашар сезіне бастадым. 2015 жылы қарашада эндокринологқа қаралдым. Қалқанша безден проблема пайда болды. Мен сосын ем ала бастадым”, – деп жазады.


Алайда оны тұрғылықты мекен-жай құжаты жоқ деп Рудный ауруханасына жатқызбаған. Ал Зотобольсктегі дәрігерлер оның нақты диагнозын анықтай алмай, үйіне қайтарған. Кейін біраз уақыттан соң жансақтау бөліміне түсіп, қиын күндерді басынан өткізгенін жазады. Тіпті дәрігерлерден өлтіре салатын екпе салуын да сұрапты. “Өмірің алда, уайымдама” деп дәрігерлер оны сабырға шақырған.

“Бақыт деген сенің ішіп-жеп, тыныс алғаның екен. Ата-анаң, бауырларыңның қасыңда жүргенінен артық бақыт жоқ екен. Мен Құдайға сенемін және маған көмек көрсеткен барша адамға алғысым көп! Денсаулықты ешқандай ақшаға сатып ала алмайсың. Бұл өмірдің ақиқаты. Алдағы ұзаққа созылатын ем тосып тұр, бірақ мен жақсылыққа сенемін!”, – деп хатын аяқтаған.