Желіде еліміздің белгілі әншісі Роза Рымбаеваның бірегей тұлға Дінмұхамед Қонаевтың үйінде дастархан басында ән салып тұрған видеосы пайда болды, деп хабарлайды Caravan.kz.
Түсірілім 1992 жылы 12 қаңтарда жүргізілген. Яғни, қоғам қайраткерінің дәл туған күні, әрі соңғы туған күндерінің бірі. "Арман-ай! Өтеді-ау дүние жалған-ай!-деп шырқаған Розаның орындауындағы бұл ән қарапайым ғана ғұмыр кешкен Димаш Ахметұлының ең сүйікті жырларының бірі болатын.
Дінмұхамед (Димаш) Ахметұлы Қонаев 1912 жылы 12 қаңтарда Верный (қазіргі Алматы) қаласында, қызметкердің отбасында өмірге келген.
1930 жылы – Алматыдағы №14 орта мектепті бітіргеннен кейін, 1931-1936 жылдары — Қазақстан Өлкелік комсомол комитеті Дінмұхамед Қонаевты Мәскеудің Түсті металл институтына оқуға жібереді.
Еңбек жолы 1937-1939 жылдары Балқаш мыс қорыту комбинатындағы жұмысынан басталады.
1960-1986 жылдары – Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы қызметін атқарды.
1986 жылы 16 желтоқсан күні – Қазақстан Орталық комитетінің бірінші хатшылығынан алынып, орнына Колбин тағайындалды. Бұған наразы болған қазақ жастарының Желтоқсан оқиғасы орын алды.
1987 жылы – маусымдағы пленумда Д.А.Қонаев «Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің Бірінші хатшысы болғанда республика партия ұйымын басқарудағы жіберген қателіктері үшін» деген сылтаумен КОКП мүшелігінен босатылды.
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев 1993 жылы 22-тамызда 82-жасқа қараған шағында қайтыс болды.