Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sn.kz-ке сілтеме жасап хабароайды
Желі қолданушыларының пікірінше, бұл 1990 жылғы «Қыз сыны» бағдарламасының үзіндісі. Кадрларда сахнада қазақы киімде, ұршық иіріп отырған қыздар байқалады. 35 жыл бұрынғы Тоқтар Серіковтің өнеріне желідегілер ерекше таңданыс білдіріп, оны мақтап жатты.
«Ауылдың қара домалақ баласы. Керемет! Тоқтарға Алла ғұмыр берсін. Отбасы, бала-шағасы аман болсын», «Тоқсаныншы жылдары Алтынбек Қоразбаев жанына Тоқтар мен Мейрамбекті ертіп, Құмкөл кенішіне мұнайшыларға концерт берген. Ұмытпасам, мұнайшылар күніне келді. Сонда Тоқтар мен Мейрамбекке ән салдырмады, өтпелі кезеңде жүр, дауыстарын құртып алады деп», – деп желі қолданушылары жаза жөнелді.