Желтоқсан айынан бастап көліктердің орташа жылдамдығы есепке алынады- ІІМ - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Желтоқсан айынан бастап көліктердің орташа жылдамдығы есепке алынады- ІІМ

Желтоқсан айынан бастап көліктердің орташа жылдамдығы есепке алынады- ІІМ

ҚР Ішкі істер министрлігі автокөліктердің «орташа жылдамдығы» халықаралық, республикалық маңызы бар жолдардың қаладан тыс және түзу жолдарында ғана автоматты түрде есептелетінін мәлім етті.

  • 31 Қазан
  • 11
ФОТО: Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«Қазақстан Президенті биылғы 3 қазанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік құралдарының жекелеген түрлерінің қозғалысын ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға және ілеспе құжатқа қол қойды. Бұл жаңа өзгерістер екі кезеңде енгізіледі. Осы жылдың 4 желтоқсанынан бастап өзгерістердің негізгі бөлігі енгізілсе, 2025 жылдың 4 сәуірінен бастап мопедтерге қатысты толықтырулар қолданысқа енеді», — делінген ІІМ баспасөз қызметінің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Атап айтқанда, бұл заңнамаға «Көлік құралы қозғалысының орташа жылдамдығы» ұғымы енгізілді және оны есептеу тәртібі қарастырылды. Бұл тәртіп халықаралық, республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдар учаскесінің ұзындығын көлік құралы қанша уақытта жүріп өтсе, сол уақыт аралығына бөліп есептеу арқылы айқындалады.

«Автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралдарымен және жабдықтармен көлік құралының орташа қозғалыс жылдамдығын айқындау нәтижелері бойынша ең жоғары қозғалыс жылдамдығынан асып кету фактісі анықталады. Осылайша, көліктің орташа жылдамдығы бекітіліп, оны есептеу тәсілі айқындалғаннан кейін, сол арқылы жүргізушілердің белгіленген қозғалыс жылдамдығын сақтауын бақылау жүзеге асырылады. «Орташа жылдамдық» арнайы жабдықтар және құралдар арқылы тек қана халықаралық, республикалық маңызы бар жолдардың қаладан тыс және түзу жолдарында ғана автоматты түрде есептеледі», — делінген ведомство ақпаратында.

Еске салсақ, жақында Көлік министрі Марат Қарабаев Қазақстандағы республикалық маңыздағы автожолдарда әр көліктің орташа жылдамдығын өлшейтін арнайы жүйе орнатылып жатқанын айтты.

«Қазір біздің камераларды Әкімшілік құқық бұзушылықтың бірыңғай тізілімі жүйесіне қосып орнату жүріп жатыр. Желтоқсан айының ортасына қарай бұл интеграцияны аяқтаймыз деп ойлаймын. Осыдан кейін ереже бұзу деректерін есепке алу басталады», — деді министр.