Желтоқсан айында қазақстандықтар мереке күндерін, сенбі мен жексенбіні есепке алғанда барлығы 12 күн демалады, деп хабарлайды Baq.kz.
Желтоқсан айында қазақстандықтар үш мерекені атап өтеді: 1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күні, 16 мен 17 желтоқсан – Тәуелсіздік күні және ҚР Демократиялық жаңару күні. Бұл мерекелер мемлекеттік болғандықтан, Қазақстан халқы қыстың алғашқы айында қосымша 5 күн демалады.
ҚР Тұңғыш Президенті күні бейсенбіге (яғни, бір күн демаламыз), ал 16 мен 17 желтоқсан – жұма мен сенбіге келіп тұр. Осыған байланысты мерекелік күн 19 желтоқсанға, дүйсенбіге ауысады. Осылайша, қазақстандықтар қатарынан төрт күн демалып, 20 желтоқсан, сейсенбі жұмысқа шығады.