«Бұл бағдарлама хақында біз барлық министрліктермен келісімге келдік, енді ол желтоқсан айының соңында үкіметке енгізіледі»,- деді ол.
Министрдің айтуынша, елімізде жыл сайын жергілікті атқарушы органдарға азаматтарды кәсіптік дайындауға 1,5 млрд. теңге бөлінеді. «Алайда оқытылған адамдардың небәрі 25 проценті жұмысқа орналасады немесе жеке кәсіпкерлікке кіріседі»,- деді Г.Қарағұсова. «Бұл қаржының тиімсіз пайдаланылатындығының, солар үшін мамандарды арнайы дайындаған жұмыс берушілермен арадағы байланыстың осалдығын айғақтайды «,- деді министр. Осыған байланысты, Г.Қарағұсованың атап көрсетуінше, министрлік «жұмыс берушілермен бірлесе отырып кәсіби мамандар дайындау, кәсіптік техникалық училищелер желісін қайтадан қалпына келтіруге бағытталған бағдарламаны » жүзеге асыруда.
Арнайы бағдарлама жобасын жасау қажеттігіне түсініктеме берген Г.Қарағұсова «қазіргі еңбек рыногіндегі сұраныс пен ұсынысты өзара салыстыра қарасақ, елімізде жұмыссыздық болуы тиіс емес»,- деп атап көрсетті. «Жұмыс күші сұранысы мен ұсынысы арасындағы кәсіптік сәйкессіздік қана барлық тауқыметке түрткі болып отыр»,- деді Г.Қарағұсова.