Желтоқсан айының соңында халықты еңбекпен қамту жайындағы бағдарлама үкіметке енгізіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Желтоқсан айының соңында халықты еңбекпен қамту жайындағы бағдарлама  үкіметке енгізіледі

Желтоқсан айының соңында халықты еңбекпен қамту жайындағы бағдарлама үкіметке енгізіледі

Желтоқсан айының соңында халықты еңбекпен қамту жайындағы бағдарлама ҚР үкіметіне енгізіледі. Бұл туралы бүгін, 11-желтоқсанда Астанада сенат отырысында сөз сөйлеген ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлжан Қарағұсова хабарлады.

  • 11 Желтоқсан 2003
  • 433
Фото - Caravan.kz

«Бұл бағдарлама хақында біз барлық министрліктермен келісімге келдік, енді ол желтоқсан айының соңында үкіметке енгізіледі»,- деді ол.

Министрдің айтуынша, елімізде жыл сайын жергілікті атқарушы органдарға азаматтарды кәсіптік дайындауға 1,5 млрд. теңге бөлінеді. «Алайда оқытылған адамдардың небәрі 25 проценті жұмысқа орналасады немесе жеке кәсіпкерлікке кіріседі»,- деді Г.Қарағұсова. «Бұл қаржының тиімсіз пайдаланылатындығының, солар үшін мамандарды арнайы дайындаған жұмыс берушілермен арадағы байланыстың осалдығын айғақтайды «,- деді министр. Осыған байланысты, Г.Қарағұсованың атап көрсетуінше, министрлік «жұмыс берушілермен бірлесе отырып кәсіби мамандар дайындау, кәсіптік техникалық училищелер желісін қайтадан қалпына келтіруге бағытталған бағдарламаны » жүзеге асыруда.
Арнайы бағдарлама жобасын жасау қажеттігіне түсініктеме берген Г.Қарағұсова «қазіргі еңбек рыногіндегі сұраныс пен ұсынысты өзара салыстыра қарасақ, елімізде жұмыссыздық болуы тиіс емес»,- деп атап көрсетті. «Жұмыс күші сұранысы мен ұсынысы арасындағы кәсіптік сәйкессіздік қана барлық тауқыметке түрткі болып отыр»,- деді Г.Қарағұсова.

Соңғы жаңалықтар