Жарияланды: 340

Желтоқсан оқиғасының 26 жылдығы жалпықоғамдық сипатта аталып өтуі керек

Биыл Желтоқсан оқиғасына- 26 жыл! Бірақ тарихи оқиға әлі күнге лайықты деңгейінде аталып өткен емес. Ол аздай, соңғы уақытта Ұлт мерекесін өз ұтысына айналдырушылар да қаптады. Бүгін Алматыда 86-шы жылдың ызғарлы күнінде алаңға шығып, тоталитарлық жүйеге қарсы тұрған желтоқсаншылар осындай ащы реніштерін жеткізді.

Бұл күні-тәуелсіз ел болу жолында қаны төгілген қазақ жастарының ерлігі ұлықталуы керек еді. Бірақ олай болып жатқан жоқ. «Керісінше, мазмұны бұрмаланып барады», - дейді. Әсіресе, былтырғы әлеуметтік жәйттен туындаған Жаңаөзен оқиғасынан кейін. Себебі екі оқиғаның орын алған күні бір демесең, мақсаты мен көздеген мүдделері екі түрлі. Сондықтан желтоқсаншылар, Кеңес керегесін құлатқан «Желтоқсан оқиғасын» бір бөлек, мұнайшылар шаһарындағы қақтығысты бір бөлек қарастыруды талап етеді.

Төлеген Әлжан, «Желтоқсан жаңғырығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы:

- «Жаңаөзен-7 ай біз жалақысыз, еңбекақысыз жаттық» десе, 86 жылы алаңға шыққандар-Ұлт намысын қорғаған қаһармандар. Айырмашылығы осында.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін