Бұл күні-тәуелсіз ел болу жолында қаны төгілген қазақ жастарының ерлігі ұлықталуы керек еді. Бірақ олай болып жатқан жоқ. «Керісінше, мазмұны бұрмаланып барады», — дейді. Әсіресе, былтырғы әлеуметтік жәйттен туындаған Жаңаөзен оқиғасынан кейін. Себебі екі оқиғаның орын алған күні бір демесең, мақсаты мен көздеген мүдделері екі түрлі. Сондықтан желтоқсаншылар, Кеңес керегесін құлатқан «Желтоқсан оқиғасын» бір бөлек, мұнайшылар шаһарындағы қақтығысты бір бөлек қарастыруды талап етеді.
Төлеген Әлжан, «Желтоқсан жаңғырығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы:
— «Жаңаөзен-7 ай біз жалақысыз, еңбекақысыз жаттық» десе, 86 жылы алаңға шыққандар-Ұлт намысын қорғаған қаһармандар. Айырмашылығы осында.