Желтоқсан-86 қоғамдық бірлестігі мереке қарсаңында құзырлы органдардан наразылық өткізуге тыйым салуды сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Желтоқсан-86 қоғамдық бірлестігі мереке қарсаңында құзырлы органдардан наразылық өткізуге тыйым салуды сұрады

Желтоқсан-86 қоғамдық бірлестігі мереке қарсаңында құзырлы органдардан наразылық өткізуге тыйым салуды сұрады

Желтоқсан-86 қоғамдық бірлестіктері Қазақстан еліне, ел президенті мен құзырлы органдарға үндеу жариялады.

  • 12 Желтоқсан 2019
  • 205
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Қоғамдық бірлестік қазақ халқы үшін қасиетті күнде наразылық акциясын, митинг ұйымдастыруға тыйым салуды сұрап, арнайы баспасөз мәслихатын өткізді.

"1986 жылдың 16-17-18 желтоқсан күндері қазақ халқы үшін қасіретті де, қасиетті күн. Желтоқсан-86 көтерілісі ардагерлері өз еліміздің болашағы жарқын үшін, қақаған қара суықта, мұз құрсанып, арнайы жасақталған совет әскерлерінің қаһарларынан да сескенбей-қорықпай кеудемізден жанымыз шыққанша төтеп бердік. Біздерді Ұлы бабалар рухы қолдады! Кейбір қоғам-сымақтар осы күндерге митинг ұйымдастырып, желтоқсан-86 көтерілісін аяқ асты етіп, таптамаққа талпынып жүргендерін. Осындай күнде оны қаралауға сол Тәуелсіздік үшін күрескен батырларымыздың рухтарын таптауға ұмтылушы қоғамға қарсы "қара ниетті" адам-сымақтардың сол күнді ойрандауына — біз Желтоқсан-86 көтерілісі күреселері жол бермейміз", — деді Желтоқсан-86 қоғамдық бірлестігі  баспасөз мәслихаты кезінде.

Сондай-ақ, қоғамдық бірлестік жоғарғы және орындаушы органдарға өз талаптарын айтты. Желтоқсан-86 қоғамдық бірлестігі мереке күндері наразылық акциясын, митинг өткізуге үзілді-кесілді қарсы шығып, оған жол бермеуді сұрады.


Бұған қоса, "Жыл көлемінің 365 күннің мерекесіз күндерінде арнайы мұқтаждықтарға қатысты акция, митинг, шеру, наразылықтар өткізуге, халықтың жанайқайын тыңдауға әрбір айдың белгілі бір күндеріне заңды мүмкіндік беріп, өткізу орындарын белгілеп беріңіздер",- делінген үндеуде.

Үндеу жасағандар Республикалық "Желтоқсан -86- Тәуелсіздік Қырандары" Халық Қаhармандары қозғалысы, Алматы қаласы "Желтоқсан Жалауы" Қоғамдық бірлестігі,"Желтоқсан жұлдыздары" Қоғамдық бірлестігі және "Қайсар жүрек" қоғамдық қоры.  

Соңғы жаңалықтар