Желтоқсандықтар Алматыға қаһарман қала мәртебесін сұрауда - kaz.caravan.kz
  • $ 526.5
  • 611.64
+27 °C
Алматы
2025 Жыл
16 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Желтоқсандықтар Алматыға қаһарман қала мәртебесін сұрауда

Желтоқсандықтар Алматыға қаһарман қала мәртебесін сұрауда

Бүгін Алматыда 1986 жылғы желтоқсан көтерлісін ұлықтау мақсатында құрылған қоғамдық ұйымдар қалалық мәслихат депутаттары мен барлық шаһар тұрғындарына ерекше ұсыныс жолдады. Сондай-ақ Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында арнайы бас қосқан желтоқсандықтар ел тарихындағы ең ұлы мерекені лайықты атап өтуге шақырды.

  • 12 Желтоқсан 2012
  • 359
Фото - Caravan.kz


«Алматы қаласына — Қаһарман, батыр қала мәртебесін берсек бүкіл қазақ елі аумин дері хақ. Бұл ұсыныстың себебі 1986 жылы қазақ халқы бүгінгі Тәуелсіздік алаңына шығып, бүкіл одақтас елдердің егемендік алуына жол салды. Сол көтерлістің қасіретін көтеріп, қазақтың тәуелсіздігін әкелген Алматы қаһарман қала деген атқа өте лайық», — дейді «Желтоқсан-86 тәуелсіздік қырандары» республикалық халық қаһармандары қозғалысының төрайымы Гүлбахрам Жүніс.