Желтоқсанның 16-сына дейін Википедиадағы қазақша мақалалар саны 200 мыңға жетеді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Желтоқсанның 16-сына дейін Википедиадағы қазақша мақалалар саны 200 мыңға жетеді

Желтоқсанның 16-сына дейін Википедиадағы қазақша мақалалар саны 200 мыңға жетеді

Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына орай 16 желтоқсанға дейін интернеттегі қазақ тіліндегі сапалы мақалалардың саны 200 000 жеткізіледі. Бұны әлемдік «Википедиа» ашық энциклопедиясын дамыту мақсатында құрылған "Wikibilim" қоғамдық қоры жүзеге асырмақ.

  • 13 Маусым 2011
  • 707
Фото - Caravan.kz

Аталған жобаның басталуы маусымның 16-сы күні Алматыда өтетін арнайы баспасөз мәслихатында жарияланады. Оған Wikipedia Foundation (АҚШ) қорының Сенімді өкілдер кеңесінің төрағасы Тинг Чен, «Wikibilim» қоры мен «Nokia» компаниясының өкілдері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов, «Қазконтент» АҚ-ның басқарма төрағасы Әлтайыр Уызбаев, «Қазақ энциклопедиясының» бас директоры Бауыржан Жақып қатысады. Сондай-ақ осы күні Алматыда қазақша «Википедианы» дамыту тақырыбына арналған семинар өтпек.

Естеріңізге сала кетейік аталған ұйым биыл құрылған болатын. Қордың басты мақсаты — әлемдік «Википедиа» ашық энциклопедиясының қазақ тілді тармағын дамыту, сондай-ақ қатар интернеттегі қазақ тіліндегі мазмұнды (контентті) молайтуға үлес қосу.

Википедиа әлемнің 281-тілінде әуесқой пайдаланушылардың қолымен жасалатын ең танымал онлайн интернет энциклопедия. Қазір онда 18 миллионнан астам мақала бар. Соның ішінде миллион мақала межесінен асқан 3 қана тіл бар. Олар: ағылшын, француз және неміс тілдері. Орыс тілінде 700 мың шамасында. «Мінбер» журналистерді қолдау орталығының дерегінше қазақ тілінде 20 мыңға жуық қана мақала бар.

Соңғы жаңалықтар