Желтоқсанның 8-9 күндері Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Пәкістан Ислам Республикасына ресми сапармен барады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Желтоқсанның 8-9 күндері Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Пәкістан Ислам Республикасына ресми сапармен барады

Желтоқсанның 8-9 күндері Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Пәкістан Ислам Республикасына ресми сапармен барады

Желтоқсанның 8-9 күндері Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Пәкістан Ислам Республикасына ресми сапар жасайды. Сапар аясында, желтоқсанның 9-ы күні, Исламабадта "Қазақстан - сіздің сауда және инвестициялық серіктесіңіз" деген тақырыпта бизнес-форум өтеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "Қазинвест" ЖАҚ-нан хабарлады.

  • 2 Желтоқсан 2003
  • 682
Фото - Caravan.kz

Ресми сапартоп құрамында сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев, Қазақстанның Пәкістандағы төтенше және өкілетті елшісі Бейбіт Исабаев, Елбасының көмекшісі Кәрім Мәсімов, ҚР индустрия және сауда министрі Әділбек Жақсыбеков, Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко және Астана әкімі Темірхан Досмұхамбетовтар бар.

Форумды Қазақстанның Пәкістандағы елшілігінің ресми қолдауымен, инвестицияларға ықпал жасау жөніндегі «Қазинвест» орталығы, ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Инвестициялар жөніндегі комитеті және Пәкістан Үкіметі жанындағы Инвестициялар жөніндегі бюросы бірлесіп ұйымдастыруда. Форум аяқталғаннан кейін екі мемлекет кәсіпкерлерінің арасында екіжақты келіссөздер өтеді.
Қазақстанның іскер топтары өкілдерінің құрамында «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы», «Мемлекеттік сақтандыру корпорациясы», «Мал өнімдері корпорациясы», «Астана-Моторс», «31 арна медиахолдингі», және т.б. компаниялардың басшылары бар.
Қазақстан Республикасы мен Пәкістан Ислам Республикасы арасында дипломатиялық және консулдық байланыстар орнату туралы келісімге ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Пәкістанға ресми сапары кезінде 1992-жылғы 24-ақпанда қол қойылған. Пәкістандағы Қазақстан Республикасының елшілігі 1994-жылғы 24-қарашада ресми түрде ашылды.
2003-жылдың қаңтар-тамыз айларында екі ел арасындағы тауар айналымы 1,3 млн. долларды, соның ішінде экспорт көлемі 0,331 млн. , импорт 1 млн. долларды құрады.
Қазақстаннан Пәкістанға негізінен химия өнеркәсібінің өнімдері, металл және металл бұйымдар, өңделмеген мақта және тері бұйымдары импортталады. Қазақстанға дәрі-дәрмек өнімдері, хирургиялық жабдықтар мен препараттар, күріш, мақта мата және киім, тоқыма бұйымдар, тері және тері өнімдері экспортталады.

Соңғы жаңалықтар