Желтоқсаншы Қайрат Рысқұлбековтің інісі қазақ қызын шешіндірген түнгі клубты бүгін қиратқалы жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Желтоқсаншы Қайрат Рысқұлбековтің інісі қазақ қызын шешіндірген түнгі клубты бүгін қиратқалы жатыр

Желтоқсаншы Қайрат Рысқұлбековтің інісі қазақ қызын шешіндірген түнгі клубты бүгін қиратқалы жатыр

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасынан кейін қаза тапқан Қайрат Рысқұлбековтің інісі - Талғат қазақ қызын 50 мың теңге үшін шешіндірген алматылық түнгі клубты бүгін кешкі сағат алтыда қирататыны мәлімдеді. 

  • 27 Желтоқсан 2017
  • 28582
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Фейсбуктегі парақшасына жазған, деп хабарлайды Caravan.kz.

"Алматы. 27 желтоқсан. Сағат 18:00-де… "Бай заков" түнгі клубының шаңырағын ортасына түсіруге барамыз! Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай; #Арыңды нанға сатпа, ҚАЗАҚ! Тексіздер, "демалыңдар!" деп жазыпты Талғат Рысқұлбеков. 

Алматы. 27 желтоқсан. Сағат 18:00 де, Сейфуллин көшесі 519. орналасқан(Əйтеке би көшесінің қиылысы) "Бай заков" түнгі клубының шаңырағын ортасына түсіруге барамыз! Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай; #Арыңды нанға сатпа, ҚАЗАҚ! Тексіздер "демалыңдар!"

Posted by
Talgat Ryskulbek
on Monday, December 25, 2017

Сосын ол Фейсбукте көптеген жігіттермен бірге хормен "Қызға қырық үйден тыю" деп айтқан видеосын жариялады. 

"Желтоқсанның жастары" Атқа қона бастады!

Posted by Talgat Ryskulbek on Tuesday, December 26, 2017

Түнгі клубта қазақ қызының ақша үшін шешінгені туралы бұрын хабарлаған болатынбыз. Онда танымал блогер Айжан Байзақованың аты-жөні аталды. Ал кеше ол "ұсақ бұзақылығы" үшін үш тәулікке қамалды.

Соңғы жаңалықтар